Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлауға үміткерлерді тіркеу басталды
Қазақстан Президентінің шешіміне сәйкес, бұл елде кезектен тыс президенттік сайлау биыл 20 қарашада өтеді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, сайлаудан кейін Қазақстанның саяси жүйесінде түбегейлі өзгерістер болады. Қазақстан Парламенті жуырда конституцияға өзгерістер енгізген жағдайда мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткелі жатыр. Ол бойынша президент тек 7 жылдық бір мерзімге сайланады. Мерзімінен бұрын президенттік сайлауға қатысқысы келетін үміткерлер 11 қазан сағат 18:00-ге дейін тіркеуден өте алады. Мұнымен қоса, Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 1 шілде есебі бойынша елде дауыс берушілер саны 11 млн 800 мың адам деп жариялады.
Бұл – Қасым-Жомарт Тоқаев билік басына келгеннен кейін мерзімінен бұрын өткізілгелі отырған екінші президенттік сайлау.
29 жыл ел басқарған Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кетіп, Қасым-Жомарт Тоқаев билік басына келді. Тоқаев 2020 жылдың сәуір айына дейін атқарушы билік басында отыра алатын еді, бірақ мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізуді жөн санады. Назарбаев отставкаға кеткеннен кейін билікті қолға алған Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында еркін әрі әділетті сайлауды кепілдендіруге уәде берді. Орта Азия істері жөніндегі сарапшылардың сенімінше, 1991 жылы Кеңес одағы ыдырағаннан кейін Орта Азия елдеріндегі ешбір сайлауды еркін әрі әділетті өтті деп айтуға болмайды.
Осы жолғы мерзімінен бұрын президенттік сайлау әсіресе Қасым-Жомарт Тоқаев үшін аса маңызды. Шын мәнінде бұл сайлаудан кейін Тоқаев саяси тәуелсіздікке жетуі мүмкін. Бұған дейін 2019 жылы сәуір айында Қазақстанда өткен президенттік сайлаудан кейін елдің саяси ортасы мен халық Тоқаев елді Нұрсұлтан Назарбаевтың бақылауы мен ықпалында басқарып отыр деп сенген. Қазақстанда саяси құрылымдардың әлсізділігіне байланысты қазірдің өзінде Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жеті жылдық мерзімге сайланады деп болжауға болады. Мұнымен қоса, мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткеннен кейін Тоқаевтың шынайы президенттік кезеңі басталатыны анық. Басқа сөзбен айтқанда қараша айында сайлау өткеннен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаевқа бағынбайтын тәуелсіз президенттік кезеңді бастайды.