Тоқаев Қазақстанға кибер шабуылдар көбеюі ықтималын ескертті
Қазақстан Президенті елге кибер шабуыл жасау көбеюі ықтималын ескертті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының халқымен кездесуінде Қазақстанда конституцияға өзгерістер енгізіліп, президенттік және парламенттік сайлаулар өтетіні жарияланғаннан кейін кейбір күштердің ел ішінде революция ұйымдастыру мақсатында кибер шабуылдар жасауға талпынып жатқанын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Елімізде үлкен саяси науқан басталды. Әрине сайлау өтетіні жарияланғаннан кейін түрлі пікірталастардың болатыны анық. Бірақ ел мүдделеріне қарсы пиғылдарын баяндап, тіпті бұрыс ақпарат тарататын адамдар болуы ықтимал. Сондықтан біз бұл мәселеге абай болуымыз керек»,-деді.
Қазақстан Президенті бұдан біраз бұрын 2022 жылы 20 қарашада президенттік сайлау өткізу туралы жарлыққа қол қойды.
Тоқаев осы үкімге қол қойғаннан кейін: «Бұл сайлау елдің саяси жүйесінде түбегейлі өзгерістердің бастамасы болады»,-деді.