Қазақстанда президенттікке екінші әйел кандидат белгілі болды
Қазақстанда құқық қорғаушы әйел осы елдің президенттік сайлауына үміткер ретінде таныстырылды.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қазақстандық құқық қорғаушы Салтанат Тұрсынбекова Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлауға үміткер болып жарияланды. Тұрсынбекова азаматтық, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғаушы. Ол тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресуде белсенділік танытып, «Астана» жалпы кеңесінің мүшесі. Кезінде ол «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасын басқарды.
Тұрсынбықованы республикалық қоғамдық бірлестігінен «Қазақ аналары - дәстүрге жол» атауымен президенттік сайлауға кандидат ретінде ұсынды.
Бұған дейін 8 қазанда Қазақстандағы Әйелдер, отбасы және халық саясаты мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Қарақат Әбден есімді тағы бір әйелді кәсіби әлеуметтік жұмыскерлерінің ұлттық одағы президенттік сайлауға кандидат ретінде ұсынған болатын.