Қар 09, 2022 17:43 Asia/Almaty
  • Қазақстан Президенті: Ислам құндылықтары – ұлттық бірлікті нығайту факторы

Қазақстан Президенті ислам құндылықтарын осы елдің ұлттық бірлігін нығайту факторы деп атады.

 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  бүгін, сәрсенбі күні Атырау облысының халқымен кездесуінде: «Қазақтың ата-бабалары ғасырлар бойы ислам дінін ұстанып, шариғат нормаларын ұлттық өмір салтымен үйлестірген, сондықтан ислам құндылықтары ұлттық бірлікті нығайтуға септігін тигізеді»,- деді. Аймақтағы және әлемдегі қазіргі жағдайға тоқталған Тоқаев бүгінде әлемде болып жатқан түрлі қақтығыстардың басты себептерінің бірі діни қайшылықтар екенін айтты.

Осыдан шамамен екі ай бұрын Қазақстанның елордасы Астанада өткен әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басқосуына қатысушылар экстремизм мен терроризмге қарсы күреске баса назар аударған болатын.

 

Тегтер