Қар 21, 2022 11:06 Asia/Almaty
  • Қазақстандағы кезектен тыс сайлауда Тоқаев жеңіске жетті

Ақпарат көздері Қазақстандағы кезектен тыс сайлауда елдің қазіргі президентінің кесімді түрде жеңіске жеткенін хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, дауыс санағы негізінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жексенбі күні өткен кезектен тыс сайлауда 82,45 пайыз дауыспен жеңіске жетті.

Әрине бұған дейін Тоқаев сайлауда жеңіске жетіп, осы ортаазиялық мұнайлы елдегі билігін 7 жылға ұзартады деп күтілген.

Қазақстан конституциясына енгізілген өзгерістер бойынша, президент 7 жылдық бір мерзімге сайланады, қайта сайлауға түспейді.  

Қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев, «Ауыл» партиясының өкілі Жигули Дайрабаев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның үміткері Нұрлан Әуесбаев, әлеуметтік белсенділер Қарақат Әбден мен Салтанат Тұрсынбекова және «Аманат» кәсіподақтар бірлестігінің үміткері Мейрам Қажыкен Қазақстанда кезектен тыс сайлауда президенттік лауазымға таласты.