Сирия бойынша Астана отырысы бүгін басталады
Бүгін Қазақстанның бас қаласы Астанада Сирия бойынша 19-шы халықаралық кездесу басталады.
Mehr News агенттігінің хабарлауынша, Астана отырысында келіссөзге қатысушылар Сирияны қалпына келтіруді жеделдету және осы елде әлеуметтік-экономикалық нысандар құру үшін қаржыландыру мәселесін талқылайды. Сирия Конституциялық комиссиясының отырыстарының болашақта өтетін орнын анықтау - бүгінгі Астана отырысының тағы бір тақырыбы. Қазіргі уақытта Сирия конституциялық комиссиясының бұған дейін Женевада өткен отырыстары Швейцарияның Ресейге және Сирияға қарсы санкцияларға қосылуына байланысты тоқтатылды.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, Сирияға қатысты Астанадағы бүгінгі кездесуге әртүрлі елдер, соның ішінде Сирия, Ресей және Иран делегацияларының қатысуын хабарлады.