Қазақстан Иранның транзиттік әлеуетін пайдалануды қуаттады
Қазақстанның Сауда даму министрлігінің орынбасары ИИР-ның транзиттік әлеуетін пайдалануды талап етті.
Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Нұрлан Құлбатыров Қазақстанның Сауда даму министрлігінің орынбасары бастаған осы елдің сауда-көлік делегациясының Теһрандағы Иран Сауда палатасының халықаралық орынбасарымен бірлескен кездесуінде осы ел президентінің жақында Иранға сапарын еске алып: «Қазақстан үкіметінің маңызды мақсаттарының бірі – Иранның транзиттік әлеуетін пайдалану»,- деді. Құлбатыров екі елдің жоғары лауазымды тұлғаларының Иран мен Қазақстанның үш миллиард долларлық сауда перспективасын анықтауына сілтеме жасай отырып: «Иранның Қазақстанға экспорттық әлеуеті өте жоғары болғанымен, Қазақстанға ирандық тауарлардың төмен көлемі кіреді»,- деп мәлімдеді.
Алиреза Иавари сондай-ақ екі ел арасындағы өте жақын қарым-қатынастарға тоқталып, Қазақстанның Иранның сауда ынтымақтастығын дамытудағы басымдықтарының бірі екенін қуаттап: «Өткен айда Қазақстан басшыларының Иранға жасаған сапарынан кейін Иранның оңтүстік порттарында, соның ішінде «Шахид Раджаи» портындағы нысандар Қазақстанға берілуі тиіс. Қазақстан бұл мүмкіндікті Шығыс елдеріне экспортын дамыту үшін пайдалана алады»,- деді.