Тоқаев Қазақстандағы жаңа президенттік мерзімін бастады
Қар 26, 2022 16:53 Asia/Almaty
Қазақстан Республикасының Президенті ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін өзінің жаңа жеті жылдық мерзімін бастады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Тоқаев бүгін ант қабылдап, жаңа жеті жылдық президенттік мерзімін бастады. Ант беру рәсімінде Қазақстанның сайланған президенті Қазақстанның Конституциясы мен өзге де заңдары нормаларының сақталуына ерекше тоқталды.
29 қарашада өткен Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауына халықтың қатысуы 69,44 пайызды құрап, Тоқаев 81,31 пайыз дауыс жинады.