Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
(last modified Tue, 13 Dec 2022 10:19:35 GMT )
Жел 13, 2022 16:19 Asia/Almaty
  • Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.  

Конференцияға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында тәжірибе жинаған тұлғалар мен ғалым-оқытушылар, мемлекеттік органдардың басшылары мен заңгер мамандары, құқық қорғау саласының қызметкерлері, азаматтық қоғам, жастар, БАҚ өкілдері қатысты. Кіріспе сөзді  Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деканы Сәбит Құрманжанұлы Суатай ашты.( https://www.kaznu.kz )

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің төрағасы Асхат Оразханұлы Оразхан  Қазақстан ТМД елдері арасында алғашқы болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң қабылдап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттар мен міндеттерді айқындаған заңнамалардың тарихына тоқталып өтті.

Image Caption

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің превенция басқармасының басшысы Қанат Әсімбайұлы Сәлімбаев, Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті штаб басшысының орынбасары Нұрлан Әскербекұлы Түзелбаев «Рухани жаңғыру аясында сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында хабарлама жасады.

Конференция соңында тиісті ұсынымдар қабылданды.

 

ҚазҰУ-дың Жоғары оқу орнына дейінгі

білім беру факультетінің оқытушысы

Гүлжан Идрисова

Тегтер