Қазақстан своп арқылы Иранға көбірек мұнай алмастырады
Қазақстан Энергетика министрі бұл елдің SWAP (своп) арқылы Иранмен қатар Қытайға да көбірек мұнай сататынын хабарлады.
Қазақстан SWAP жобасы бойынша Иранға мұнай жібереді, осылайша жанармай Қазақстанның Ақтау портынан танкерлермен Иранның солтүстік порттарына жеткізіліп, одан Иранның Табриз және Теһрандағы мұнай өңдеу зауыттарына жөнелтіледі.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Энергетика министрі Болат Ақшолақов бүгін (сәрсенбі) былай деді: «Мұндай әрекет мұнай экспортының баламалы жолдарын дамыту жол картасының жобасында бар. Қазақстан Қытай және Иранмен мұнай экспорттау жолдарын дамытуды жоспарлап отыр. Сондықтан Әзірбайжан, Грузия және Түркия порттары арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік бағытын, сондай-ақ Қытай мен Иранға экспорттық бағыттарды дамытуға баса назар аударылады».