Қазақстан Украинаға электр генераторлар жіберді
(last modified 2022-12-28T07:55:15+00:00 )
Жел 28, 2022 13:55 Asia/Almaty
  • Қазақстан Украинаға электр генераторлар жіберді

Киев Денсаулық сақтау министрлігі Украина ауруханаларын электр қуатымен қамтамасыз ету үшін Қазақстаннан 41 электр генераторы алынғанын хабарлады.

«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Украина Денсаулық сақтау министрлігі кеше сейсенбі күні: «Осы генераторлар арқылы тұрақты электр қуатының үзілуі жағдайында Украина ауруханалары үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етіледі. Қазақстандық электр генераторлары Николаев, Днепропетровск және Харьков облыстарына жіберіледі. Әрбір генератор операциялық бөлмелердің, реанимация бөлімшелерінің және оттегі станцияларының үздіксіз жұмысына кепілдік береді»,- деп мәлімдеді.

Тегтер