Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастық туралы 9 құжатқа қол қойылды
(last modified 2022-12-29T12:49:50+00:00 )
Жел 29, 2022 18:49 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастық туралы 9 құжатқа қол қойылды

Қазақстан мен Пәкістанның ресми өкілдері екіжақты қарым-қатынастарды кеңейту мақсатында 9 ынтымақтастық құжатына қол қойды

.

Исламабадта өткен Қазақстан-Пәкістан ынтымақтастығы мемлекеттік комиссиясының отырысында осы 9 ынтымақтастық келісіміне қол қойылды.

Бірлескен үкіметаралық комиссия отырысында Қазақстан мен Пәкістан делегациялары екі ел арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми және мәдени салалардағы қарым-қатынасты нығайту туралы келісті. Ауғанстан арқылы өтетін автокөлік транзитінің мәселелерін қарау барысында Пәкістанның Ұлттық логистикалық компаниясы осы елден Қазақстанға жүктерді тасымалдауға, жеткізуге және ең қысқа жол арқылы қайтаруға дайын екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, екі тараптың келісімі бойынша 2023 жылдың наурыз айынан бастап «SCAT» қазақстандық әуе компаниясы «Алматы-Лахор» және «Карачи» бағыттары бойынша тұрақты рейстерді жүзеге асыратын болады.

 

Тегтер