Қазақстан мен Үндістанның бірлескен әскери оқу-жаттығуы өтті
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі «Қаз-Инд» атауымен осы ел мен Үндістанның бірлескен әскери оқу-жаттығулары өткенін хабарлады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Қорғаныс министрлігі бұл туралы хабарлай отырып, Астана тарапынан бұл оқу-жаттығуға осы елдің «Оңтүстік» аймақтық штабының сарбаздары қатысқанын мәлімдеді.
Үндістанда 2 аптаның ішінде өткізілген бұл бірлескен әскери оқу-жаттығуға қатысушылар бейтаныс жерде ұрыс қимылдарының әртүрлі элементтерін пысықтады. Бұл әскери оқу-жаттығуды ұйымдастырушылар ерекше табиғи-климаттық жағдайларда бағдарлану және аман қалу ережелеріне баса назар аударды. Сондықтан негізгі кезеңде екі елдің әскери қызметкерлері соғыстағы жауынгерлік дайындық тапсырмаларын орындады.