Қаң 25, 2023 14:57 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан екі жақты қарым-қатынастарды нығайту маңызды санайды

Иранның Ауылшаруашылық министрлігінің Басқару және ресурстарды дамыту бөлімінің басшысы: «Иран мен Қазақстан екіжақты қарым-қатынастарды нығайту мен екі елдің мүмкіндіктерін пайдалануды байыпты түрде жалғастыруда»,- деді.

Иран Телерадио бірлестігі Шетелдік торабының қазақ тіліндегі бөлімінің мәліметінше, Хушанг Мұхаммади, Иран Ислам Республикасы мен Қазақстанның 18-ші Экономикалық ынтымақтастық басқосуы жұмыс тобының төрағасы ретінде құжат жобасының сараптамалық отырысында: «Бұл саммит үшін екі ел президенттері ИИР мен Қазақстан арасындағы ұзақ мерзімді қарым-қатынастарды нығайтуға баса назар аударған түрлі кездесулер өтті. Бұл құжат пен бұл кездесу Иранның мемлекеттік қайраткерлері мен жеке секторының қатысуымен Қазақстанда өтіп жатыр, бұл тараптардың екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және екі елдің әлеуетін пайдалануға байыптылығын көрсетеді»,- деп мәлімдеді. Құжаттың егжей-тегжейлері жұмыс топтарында қаралатынына тоқталған   Мұхаммади: «Бүгін бұл құжаттың қысқаша жобасы дайындалып, ертең тараптар қол қоюға дайын болады»,- деді.