Қаң 29, 2023 22:01 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан арасында әуе рейстері артады

Иранның Азаматтық авиация ұйымының баспасөз хатшысы Иран мен Қазақстан арасында әуе рейстері артатынын хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабына қарасты Қазақ радиосының хабарлауынша, Азаматтық авиация ұйымының баспасөз хатшысы Миракбар Разави осы ұйым басшысының навигация және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасарының Астанада өткен Иран-Қазақстан ортақ комиссиясының 18-ші отырысына қатысқанына тоқталып: "Тараптар екі ел арасында әуе тасымалын дамыту мақсатында әуе рейстерін арттыруға келісті",-деді.

Миракбар Разави: "Қазіргі таңда Иран мен Қазақстан арасында аптасына бір рейс бар. Аймақтағы өзгерістер мен қол қойылған келісімдерді ескере отырып, жақын болашақта әуе рейстері артатын болады",-деді.

Тегтер