Иран мен Қазақстан арасында спорт және жастар саласында меморандумның жалпы жобасына қол қойды
Иранның Жастар және спорт министрлігінің стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Иран мен Қазақстанның бақылаушы органдары арасында спорт және жастар саласында меморандумның жалпы жобасына қол қойды.
Реза Никбахш өзінің жуырда Қазақстанға барғаны туралы: "Спорт және жастар саласында екі елдің жоғары лауазымды сарапшылары өзара кездесулер ұйымдастырып, тәжірибе мен ақпарат алмасып, меморандумның баптарын нақты талқылайтын болады деп келісілді",-деді.
Реза Никбахш: "Білім, ғылым мен мәдениет салаларында әріптестік жасау, шеберлік сабақтары мен бірлескен білім беру курстарын өткізу, спортшылар, жаттықтырушылар және төрешілермен алмасу, спорттық медициналық емханаларды пайдалану, ортақ жаттығулар өткізу, жалпыға ортақ спорт және мүгедектерге арналған спорт саласында әріптесу осы меморандумда аталған баптар болып табылады",-деді.
Реза Никбахш: "Қос тарап меморандумның жалпы жобасына келісті. Екі елдің сарапшылары меморандумның баптарын егжей-тегжейлі талқылайтын болады. Алдағы бірнеше айда Қазақстан Премьер-министрі Иранға іссапармен келеді. Тараптар осы баптар жайлы нақты келісімге келеді",-деді.