Ақп 02, 2023 18:29 Asia/Almaty
  • Ресейдегі Қазақстан сауда өкілдігінің жұмысын тоқтату ұсынылды

Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі осы елдің Ресейдегі сауда өкілдігінің жұмысын тоқтатуды сұрады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей Федерациясындағы Қазақстан сауда өкілдігінің жұмысын тоқтатуға қатысты құжат қазір Заң жобалары сайтында қоғамдық талқылауға салынып жатыр.

Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі бұл шешімді ел Премьер-министрінің 2023 жылы 24 қаңтардағы бұйрығына сәйкес қабылдады. Бұйрықтың мазмұны жарияланбады. Ұсынысқа қатысты қоғамдық талқылау екі аптаға, 15 ақпанға дейін созылады.

1992 жылы қазанда Қазақстан мен Ресей арасында өзара сауда өкілдіктерін ашу келісіміне қол қойылған болатын. Қазақстан бұл құжатты 2012 жылы ратификациялады.

Ресейдегі Қазақстанның сауда өкілдігі қазақ экспорттаушылары мен таратушыларына Ресей нарығына кіруге және тұрақтауға, шетелден инвестиция тартуға және тауарлар мен қызметтерді жарнамалауға көмектесетін.

Тегтер