Қазақстанда Болат Назарбаевтың жер телімдері тәркіленді
(last modified Fri, 03 Feb 2023 14:12:32 GMT )
Ақп 03, 2023 20:12 Asia/Almaty
  • Қазақстанда Болат Назарбаевтың жер телімдері тәркіленді

Қазақстан үкіметі осы елдің бұрынғы президентінің інісіне тиесілі жер телімдерін тәркіледі.

ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты Ерлан Саиров осы елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев басып алған жер телімдерінің мемлекетке қайтарылғанын хабарлады.

Ерлан Саиров: "Осы уақытқа дейін Болат Назарбаевтың еншілес компанияларына тиесілі Маңғыстау облысындағы 239 мың га жер, Жамбыл облысындағы 60 мың га жер үкіметке қайтарылды",-деді.

Бұған дейін Қазақстанның Бас прокуратурасының әріптестігімен Болат Назарбаевқа күдікті жағдайда берілген 59 жер телімі анықталған болатын.

Ерлан Саиров жер телімдерінің қалайша тәркіленгені жайлы: "Алматы облысының тұрғындарынан заңсыз әрекеттер жайлы арыз-шағымдар түскеннен кейін елдің Бас прокуратурасынан Алматы, Талғар, Астана, Қостанай және Түркістандағы 244 га жер телімінің жағдайын тексеруді сұрадық",-деді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы 1 қыркүйектегі халыққа жолдауында кейбір жер телімдерін иелену құқығын тексеріп, заң бұзушыларға тиісті шара қолдануды тапсырған болатын.

Тоқаевтың айтуынша, Қазақстанда шамамен 10 млн га жерді иелену жағдайы бұлыңғыр. Тиісті органдар келер жылдың аяғына дейін осы белгісіздікті жоюы керек.

Айта кету керек, Тоқаевтың реформалары барысында Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттігінің бір бөлігінен айырылды.