Қазақстан мен Ресей ондаған жобаларын жүзеге асыруды қуаттады
Қазақстан мен Ресей билігі екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты жалғастырып, көптеген жобаларды жүзеге асыруды қуаттады.
Fars ақпарат агенттігінің тілшісінің хабарлауынша, Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смаилов пен Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында кездесіп, пікір алмасты. Бұл кездесуде екі жақ сауда-экономикалық ынтымақтастықты, екіжақты жүктердің транзиттік және тасымалдау көлемін ұлғайту шараларын және шекаралық өткізу бекеттерін жаңғырту жоспарларын қарастырды.
Әлихан Смаилов бір миллиард долларды құрайтын 26 бірлескен жобаны жүзеге асыруға тоқталып: «Қазақстан мен Ресейдің экономикалық ынтымақтастығы біртіндеп арта түсті. Бұл жобалардан бөлек 24 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 23 миллиард долларды құрайтын тағы 84 ірі жоба жүзеге асырылуда»,- деп мәлімдеді.
Мишустин Қазақстанмен қарым-қатынасты Ресейдің басым бағыты деп атап: «Достық, стратегиялық серіктестік және одақтастық екі ел арасындағы ынтымақтастықтың негізі болып табылады»,- деді.