Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақтың сауда айналымы 28 млрд долларды құрады
Ақп 17, 2023 02:52 Asia/Almaty
2022 жылы Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдермен сауда айналымының көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 6,5 пайызға өсіп, 28,3 млрд долларға жетті.
Fars ақпарат агенттігінің Қазақстан ұлттық статистикалық бюросының мәліметіне сүйене отырып хабарлауынша, 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында құны 9,7 млрд долларды құрайтын тауар экспортталды. Бұл экспорт көлемінің 24,3 пайызға өскенін көрсетеді. 18,6 млрд долларға тауар импортталды. 2021 жылмен салыстырғанда тек 0,9 пайызға өскен.
Айта кету керек, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдермен сауда айналымы көлемінің 92,3 пайызы Ресей, 4 пайызы Қырғызстан, 3,6 пайызы Беларусь және 0,1 пайызы Арменияның үлесінде.
Тегтер