Қазақстанның саяси-экономикалық делегациясы сәрсенбі күні Гүлістанға барады
(last modified 2023-02-20T17:49:41+00:00 )
Ақп 20, 2023 23:49 Asia/Almaty
  • Қазақстанның саяси-экономикалық делегациясы сәрсенбі күні Гүлістанға барады

ИИР СІМ-нің Гүлістан облысындағы өкілдігінің басшысы: "Қазақстандағы Маңғыстау облысының саяси-экономикалық делегациясы сәрсенбі күні өзара қарым-қатынасты нығайту мақсатында Гүлістан облысына келеді",-деді.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Зулфақар Амиршахи дүйсенбі күні: "Қазақстанның Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары бастаған 11 адамдық саяси-экономикалық делегация сәрсенбі күні Горганға келіп, балық өнеркәсібі, құрылыс, қаланы абадтандыру салаларында облыс басшыларымен келіссөз жүргізеді",-деді.

Амиршахи: "Қазақстанның сауда делегациясы Гүлістан облысы Сауда, тау-кен және өнеркәсіп палатасының басшылары және экономикалық белсенділермен жиналыс өткізеді",-деді.    

Алдағы айларда Маңғыстау облысының әкімі Гүлістан облысына барады деп жоспарлануда.  

Тегтер