Иран мен Қазақстанның ынтымақтастығын кеңейту керек
(last modified 2023-02-23T11:01:52+00:00 )
Ақп 23, 2023 17:01 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстанның ынтымақтастығын кеңейту керек

Қазақстанның Маңғыстау облысы мен Иранның Гүлістан облысының экономикалық делегацияларының ортақ отырысында екіжақты ынтымақтастықты кеңейту керегі айтылды.

Маңғыстау облысының сауда делегациясы Иранның Гүлістан облысы мен Қазақстан арасында экономикалық байланысты дамыту әлеуеттерін қарастыру мақсатында сәрсенбі күні Горган әуежайы арқылы Гүлістан облысына келді.

Гүлістан облысы әкімінің экономикалық істер жөніндегі орынбасары Мұхаммед Дехнави сәрсенбі күні кешке Горганда Маңғыстау сауда-экономикалық делегациясы және Гүлістанның атқарушы орган басшылары мен экономикалық белсенділері арасындағы отырыста сөз сөйлеп, Горганда 7 мыңнан аса қазақтың өмір сүруі Гүлістан облысы мен Қазақстан республикасының тарихи байланысының белгісі екенін айтып: "Қазақстан делегациясы Гүлістан облысының ауыл шаруашылығы және балық өнеркәсібіндегі тәжірибесі мен әлеуеттеріне қызығушылық танытты. Осы екікүндік сапарда осы мәселелер терең талқыланатын болады",-деді.

Дехнави Гүлістан облысының табиғи тартымдылықтар мен медицина туризмі саласындағы әлеуеттеріне тоқталып, екі ел арасында әуе рейстері көбейсе, екі елдің экономикалық белсенділерінің инвестиция салып, жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалады деп үміт білдірді.

Маңғыстау облысы әкімінің экономикалық істер жөніндегі орынбасары осы отырыста: "Гүлістан облысының ауыл шаруашылығы және балық өнеркәсібіндегі тәжірибесі мен әлеуеттерін пайдалану – Қазақстан делегациясының Гүлістанға сапарында көздеген мақсаттардың бірі",-деді.

Қанат Құлжанов: "Маңғыстау Иран мен Қазақстанның байланысын дамытуға ықпал ететін көпір бола алады",-деді.

Қанат Құлжанов сондай-ақ қазақтардың жеміс-жидек пен көкөніс өсіру және құрылыс материалдарын шығару саласына инвестиция салуға қызығатынын айтты.

Тегтер