Өзбекстан мен Қазақстан президенттері жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге баса назар аударды
(last modified Sat, 04 Mar 2023 07:40:10 GMT )
Нау 04, 2023 13:40 Asia/Almaty
  • Өзбекстан мен Қазақстан президенттері жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге баса назар аударды

Өзбекстан мен Қазақстан президенттері Шымкент қаласында өткен бейресми кездесуде жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға ерекше тоқталды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Өзбекстан президенті Шауқат Мирзиеев пен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы серіктестік пен стратегиялық одақтастықты одан әрі нығайту және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Екі ел президенттері өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы практикалық ынтымақтастықты тереңдету жөнінде нақты тапсырмалар берді. Мәдени қарым-қатынасты жандандырудың маңыздылығы да атап өтілді. Бұл кездесуде аймақ күн тәртібіндегі мәселелер мен алдағы іс-шаралар кестесі де талқыланды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Өзбекстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі болып табылады. 2022 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 5 миллиард доллар деңгейінде болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 29,8 пайызға көп (2021 жылы 3,8 миллиард доллар).