Нау 14, 2023 20:39 Asia/Almaty
  • Қазақстан Германияға 20 мың тонна мұнай экспорттайды

Қазақстан Энергетика министрі: "Қазақстан сәуір айында Германияға "Дружба" мұнай құбыры арқылы 20 мың тонна мұнай экспорттайды",-деп хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Болат Ақшолақов үкімет отырысында: "300 мың тонна мұнайдан тұратын алғашқы партия "Дружба" мұнай құбыры арқылы жіберіледі. Сәуір айының аяғына дейін тағы 20 мың тонна жөнелтіледі",-деді.

Болат Ақшолақов: "Техникалық тұрғыдан 1,2 млн тонна мұнай жіберуге мүмкіндік бар. Бірақ келісімде коммерциялық нюанстар бар",-деді.

Айта кету керек, KazTransOil негізгі мұнай құбыры жүйесі 2023 жылдың 23 ақпанынан бері Германияға мұнай тасымалдай бастады.  

Тегтер