Қазақстандағы Иранның жаңа елшісінің сенім грамотасы осы елдің Сыртқы істер министрлігіне табысталды
(last modified 2023-04-01T17:29:44+00:00 )
Сәу 01, 2023 23:29 Asia/Almaty
  • Қазақстандағы Иранның жаңа елшісінің сенім грамотасы осы елдің Сыртқы істер министрлігіне табысталды

Қазақстандағы Иранның төтенше және өкілетті елшісі ҚР СІМ-ге барып, өзінің сенім грамотасының көшірмесін осы ведомство басшының орынбасары Қанат Тумышқа тапсырды.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әли Акбар Джоукар Қазақстанға келгеніне қуаныш білдіріп, ИИР-дың сыртқы саясатындағы Қазақстанның маңызды да айшықты орнына тоқталып: "Екі елдің қарым-қатынасы әрдайым достық пен әріптестік өзегінде дамыды. Осы байланысты сақтап, одан ары нығайтуға талпыну – біздің міндетіміз",-деді.

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары да Иранның жаңа елшісіне қошемет білдіріп, оның миссиясына сәттілік тілей отырып: "Иран мен Қазақстан арасында тату көршілестік қатынасты жалғастыру – біздің сыртқы саясатымыздың басты басымдықтарының бірі. Кейбір сыртқы кедергілерге қарамастан, өзара байланысты дамыту қарқынды жалғасып жатыр",-деді.    

Тегтер