Сәу 08, 2023 20:45 Asia/Almaty
  • Қазақстанда

Қазақстанның Алматы қаласында "Әл-Фарабидің тіл философиясы және философиялық тілі" атты халықаралық конференция әлемнің түрлі университеттерінің ұстаздары мен студенттерінің қатысуымен өтті.

Әбу Насыр Мұхаммед бен Мұхаммед Фараби (872-950) қазіргі Қазақстанның көне Фараб қаласында дүниеге келген. Ол философия, логика, қоғамтану, медицина, математика мен музыка ғылымдарын терең меңгерген.

"Әл-Фарабидің тіл философиясы және философиялық тілі" атты халықаралық конференцияға әлемнің түрлі университеттерінен 300-ге тарта ұстаз бен студент қатысты.

ИИР-ның Алматыдағы бас консулы Мохсен Фағани: "Фараби өз заманының дарынды тұлғасы болды. Ол өзінен кейінгі ғалымдарға айрықша әсер етті. Ол ислам өркениетінің гүлденуіне жағдай жасады. Сол себепті көбі оны мұсылман әлемінің ең ірі ғалымы және ислам философиясының негізін қалаушы деп санайды",-деді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Жансейіт Түймебаев өз сөзінде Фағаниге конференцияға қатысқаны үшін алғыс айтып, Әбу Насыр Фарабидің адамзат ғылымдары, соның ішінде философияны дамытудағы орны мен маңызына тоқталды.

Түймебаев осы университетке Әл-Фарабидің аты берілгенін мақтан тұтып: "Конференцияның басты мақсаты – заманауи қоғамның гүлденуінің рухани, тарихи және философиялық негізін Фарабидің бай мұрасы арқылы тану. Біз ұлы ойшылдың еңбектерін жас ұрпаққа жеткізуіміз керек",-деді.

Тегтер