Қазақстан мен Қытай өзара 30 күнге визаны алып тастады
(last modified Fri, 14 Apr 2023 12:00:53 GMT )
Сәу 14, 2023 18:00 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Қытай өзара 30 күнге визаны алып тастады

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтар Қытайға 30 күнге дейін визасыз бара алатынын хабарлады.

Бейсенбі күні Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі «Қазақстан Үкіметі мен Қытай Үкіметі арасындағы визалардан өзара босату туралы келісімге қол қою туралы» үкімет қаулысының жобасын дайындады. Осы мәлімдеме бойынша, бұл келісім екі елдің азаматтары жеке істер, туризм, емдеу, халықаралық тасымалдау, транзит, сондай-ақ коммерциялық мақсаттарда (келісімшарттар жасау, келіссөздер жүргізу, кеңес беру қызметтерін көрсету және басқа да коммерциялық мақсаттар) 30 күн мерзімге визадан босатылатынын қарастырады.  Бұл құжатта, егер бір елдің азаматтары екінші елдің аумағында белгіленген мерзімнен артық болғысы келсе, мемлекет аумағына кірер алдында тиісті виза алуға өтініш беруі керектігі айтылған.