Иран мен Қазақстан арасында 5 меморандум мен 1 ынтымақтастық келісіміне қол қойылды
(last modified 2023-04-27T11:32:51+00:00 )
Сәу 27, 2023 17:32 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан арасында 5 меморандум мен 1 ынтымақтастық келісіміне қол қойылды

Иран мен Қазақстан арасында қарым-қатынасты дамытып нығайту мақсатында 5 меморандум мен 1 ынтымақтастық келісіміне қол қойылды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сәрсенбі күні Иран Вице-президенті мен Қазақстан Премьер-министрінің қатысуымен өткен екі елдің жоғары лауазымды делегацияларының ортақ отырысының соңында екі елдің спорт, кеден, еркін экономикалық аймақтар мен туризм салаларындағы құжаттарға қол қою рәсімі өтті.

Осы рәсімде  Иран мен Қазақстанның ортақ ынтымақтастық комиссиясының басшысы ретіндегі Иранның Ауыл шаруашылығы министрі мен Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі екі ел арасында еркін экономикалық аймақтар туралы ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Сондай-ақ Иранның Спорт және жастар министрлігі мен Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі арасында жастар саласында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм министрлігі мен Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі арасында туризм саласында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Бұл құжатқа Иранның Мәдени мұра министрінің орынбасары мен Ирандағы Қазақстанның елшісі қол қойды.   

Сонымен қатар Иранның Кеден басқармасының басшысы мен Ирандағы Қазақстанның елшісі Иранның кеден басқармасы мен Қазақстанның Қаржы министрлігі арасында қызметкерлердің біліктілігін арттыру саласында ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Тегтер