Зеленский: Путин немесе Мәскеуге қарсы ешқандай шабуыл жасаған жоқпыз
Maм 04, 2023 18:08 Asia/Almaty
Украина Президенті Володимир Зеленский: "Киев үкіметі өз жерлерін қайтарып алу жолында күресіп жатыр. Ресейде не болып жатқаны бізге маңызды емес",-деді.
Ал бұл кезде Ресей Президентінің баспасөз өкілі Дмитрий Песков
Украина армиясының Кремль сарайына ұшқышсыз ұшақпен жасаған шабуылы залалсыздандырылды деп хабарлады.
Песковтың айтуынша, Украинаның екі дроны Кремльге жетпес бұрын анықталып жойылған. Мәскеу бұл шабуылды Путинге қастандық деп санайды.
Песков: "Ресей бұл әрекетті Украина тарапынан жасалған бір лаңкестік шабуыл деп санайды. Сондықтан өзін қалаған тәсілі бойынша қарымта жауап беруге құқылы деп есептейді",-деді.
