Қазақстан Президенті Ұлы Отан соғысы жеңісінің мерейтойымен құттықтады
(last modified Tue, 09 May 2023 07:34:22 GMT )
Maм 09, 2023 13:34 Asia/Almaty
  • Қазақстан Президенті  Ұлы Отан соғысы жеңісінің мерейтойымен құттықтады

Ұлы Отан соғысы жеңісінің 78 жылдығына арналған шеруге қатысқан Қазақстан Президенті өз елінің халқын осы күнмен құттықтады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қазір Ресейде жүрген Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жеңіс күні – еліміздің тарихында ерекше орын алатын мереке және қарт ұрпақтардың мызғымас ерік-жігері мен ерлігінің, бейбітшілік пен бостандық жолындағы жанқиярлық күресінің көрінісі. Біздің қасиетті борышымыз – майданда болғандарды еске алу, ардагерлерге қамқорлық көрсету. Үстіміздегі бейбіт аспан үшін осы ұрпаққа шексіз алғыс айтамыз. Олардың ерлігі кейінгі ұрпаққа үлгі. Олар қорғаған бостандық, әділдік және теңдік мұраттары біз үшін әділетті Қазақстанды құру жолында әрқашан бұлжымас бағдар болып қала бермек. Құрметті ардагерлерге және барша құрметті жерлестерге денсаулық пен амандық тілеймін! Жеңіс күні құтты болсын!» - деді.

Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Қазақстан президенті Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 78 жылдығына арналған парадқа қатысу үшін Мәскеуге келген.