Maм 19, 2023 17:23 Asia/Almaty
  • Қазақстан Сенатының төрағасы: Біз Батыстың санкцияларын не бұзбаймыз,  не орындамаймыз

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасарының мәлімдемелеріне тоқталған Қазақстан Сенатының төрағасы: «Астана Батыс елдерінің санкцияларын бұзбайды»,- деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузиннің мәлімдемелеріне қатысты: «Біз Батыс елдерінің санкцияларын бұзбаймыз»,- деді.

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары 16 мамырда «Валдай» халықаралық диалог клубының Орталық Азия бойынша үшінші отырысында Орталық Азия елдері Ресейге қарсы санкцияларға қосылуға дайын екенін айтты. Бірақ Ресеймен ынтымақтаспау олардың экономикасына аталмыш санкциялардың шығындарынан әлдеқайда ауыр зардап шегуі мүмкін. Орталық Азиялық достар қиыншылықта»,- деп мәлімдеді.

Әшімбаев: «Біз Батыс елдерінің санкцияларын бұзбаймыз, біздің аумақтарымыз бен компанияларымыз бұл санкцияларды айналып өтуге мүмкіндік бермейді. Біз бұл санкцияларға қосылмаймыз, бірақ бұзбаймыз»,- деп айтты.

Тегтер