Қазақстан мен Катар басшылары саяси және экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ерекше тоқталды
Maм 24, 2023 17:30 Asia/Almaty
Қазақстан Премьер-Министрі мен Катар Әмірі екі ел арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықтың кеңеюіне ерекше тоқталды.
Дохада өтіп жатқан 3-ші Катар экономикалық форумы аясында Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Cмайылов пен Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тани кездесті. Қазақстан Премьер-Министрі Катар Әмірімен кездесуінде Доха Астананың маңызды саяси және экономикалық серіктесі екенін атап өтті. Cмайылов осы кездесуде қазақстандық өнімдердің жалпы құны шамамен 243 миллион долларды құрайтын 60 атау бойынша Катарға экспортын арттыруды ұсынғанын мәлімдеді.
Тегтер