Қазақстан мен Сингапур арасындағы ынтымақтастық туралы 12 құжатқа қол қойылды
(last modified Wed, 24 May 2023 12:21:49 GMT )
Maм 24, 2023 18:21 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Сингапур арасындағы ынтымақтастық туралы 12 құжатқа қол қойылды

Қазақстан мен Сингапур билігі әртүрлі салалардағы, соның ішінде экономика мен саудадағы ынтымақтастық туралы 12 құжатқа қол қойды.

 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сингапур Президенті Халима Якоб Астанадағы кездесуінде сауда, экономикалық және мәдени ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше тоқталды. Осы кездесу барысында Қазақстан мен Сингапур арасында 250 миллион доллардан астам сомаға 12 ынтымақтастық құжатына қол қойылды.

Қазақстан Президенті сингапурлық әріптесімен кездесуінде Сингапурдың Қазақстан экономикасына құйған инвестициясының жалпы көлемі 1,4 миллиард доллардан асқанын айтты. Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа тоқталған Тоқаев бүгінде Қазақстанда 140-тан астам сингапурлық компаниялар мен бірлескен инвесторлар жұмыс істеп жатқанын атап өтті