Maм 31, 2023 23:24 Asia/Almaty
  • 8 маусымда Астана халықаралық форумы өтеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 8-9 маусымда осы елде Астана халықаралық форумы өтеді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл форум 2008-2019 жылдар аралығында Қазақстанның астанасында өткен Астана экономикалық форумының орнын алмастырады.

Биылғы форумның тақырыбы – Әріптестік пен даму жолында диалог арқылы түйткілдерді шешу.

Форумның мақсаты – бұрын-соңғы болмаған түйткілдер мен геосаяси текетірестерге және мемлекетаралық әріптестіктің дәстүрлі қалыбына енген түбегейлі өзгерістерге бірлесе жауап табу үшін әлемдік қауымдастықтың көзқарастарының консенсусын тудыру.

Форум аясында 40-тан аса жиналыс пен бейресми талқылау және басқа да іс-шаралар қарастарылған.

Астана халықаралық форумына мыңнан аса шетелдік қонақ қатысады деп күтілуде. Форумға ел басшылары, халықаралық ұйымдар мен ірі компаниялардың басшылары, көрнекті саяси тұлғалар мен сарапшылар, соның ішінде Дүниежүзілік қаржы қоры, Дүниежүзілік сауда ұйымы, Азия даму банкі, Еуропаның даму және реконструкция банкі, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, ЮНЕСКО, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Парламентаралық ассамблеяның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының басшылары, Даму және экономикалық ынтымақтастық ұйымының өкілдері, АҚШ-тың сауда делегациясы, Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелері қатысады.

Тегтер