Маусым 01, 2023 20:22 Asia/Almaty
  • Қазақстан Парламентінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бірнеше келісімі бекітілді

Қазақстан Парламентінің депутаттары Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бірнеше келісімі мен протоколдарын бекітті.

Қазақстан Парламентінде бекітілген бірінші келісім Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдерде қауіпсіздік күштері мен олардың ұжымдық қауіпсіздік құралдарын уақытша орналастыру істерінде құқықтық көмек беру және өкілеттігін анықтауға қатысты болды.

Қазақстан Парламентінің депутаты Айдос Сарин: "Бұл келісімнің мақсаты – әріптестік механизмін қалыптастыру. Онда тараптардың қылмыстарды тез әрі жан-жақты зерттеу үшін ортақ амалдар мен тексерістер жүргізетін топтар құра алуы қарастырылған",-деді.

Қазақстан Парламентінде бекітілген екінші келісім Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының күштеріне ортақ логистикалық және медициналық қызмет көрсетуге қатысты. Осы келісім бойынша, тараптар осы ұйымның сарбаздарына әскери қару-жарақтар мен құрал-жабдықтарға үйлесетін заманауи стильдегі бірыңғай киім ұсыну мақсатында үйлескен әскери-техникалық саясат жүргізетін болады.

Қазақстан Парламентінде бекітілген үшінші келісім Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгер күштерінің қызметі туралы 2007 жылы 6 қазанда қабылданған келісімге енгізілген протоколға қатысты болды. Бұл түзетулерде осы ұйымның бітімгер күштерін БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларында қолдану тәсілі белгіленген.  

Тегтер