Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында логистикалық кешен салынады
(last modified Thu, 08 Jun 2023 14:40:43 GMT )
Маусым 08, 2023 20:40 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында логистикалық кешен салынады

Қазақстан Қырғызстанмен Ақтілек және Қарасу бақылау пунктері аумағында шекаралық логистикалық кешен салу туралы келісімдердің алғынұсқасын бекітті.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан мен Қырғызстан арасында 2022 жылы қол қойылған келісімге сәйкес екі ел ортақ шекаралық тасымал және логистикалық кешен салады. Ол Бішкектен 30 км жерде Ыстықкөл ауданындағы Ақтілек бақылау пунктіне жақын жерде орналасатын болады. Кешеннің қазақстандық бөлігі Жамбыл облысындағы Шу өзенінің жағасында орналасатын болады.  

Кешеннің жалпы ауданы 7,6 шаршы шақырым болады. Оның  4 шаршы шақырымы Қырғызстанда, 3,6 шаршы шақырымы Қазақстанда салынады. Логистикалық, коммерциялық және индустиалды кешеннің аумағында мал шаруашылығы және өсімдік өнімдері өңделіп, сақталатын болады.  

Екі ел арасында тауар тасымалдау үшін Шу өзенінің үстіне бір көпір салынады. Бұл көпір шекаралық инфрақұрылым, соның ішінде бақылау камераларымен жарақталатын болады. Көпір кешен салынғаннан кейін 3 жыл өткен соң Қазақстан тарапының қаражатына салынады.

Айта кете керек, Қазақстан жалпы 5 шекаралық логистикалық кешен салуды көздеп отыр.