Қазақстан мен Ресей арасындағы ондаған ынтымақтастық жобалар жүзеге асырылады
Қазақстан Премьер-министрі Ресей Премьер-министрімен кездесуінде биыл екі ел арасындағы ынтымақтастық бойынша 100-ден астам жобаның жүзеге асырылатынын мәлімдеді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Әлихан Смайылов кеше Михаил Мишустинмен кездесуінде: «Астана мен Мәскеу жалпы құны 22 миллиард доллардан асатын 100-ден астам бірлескен жобаны жүзеге асыруда",- деді.
Қазақстан Премьер-Министрінің айтуынша, екі ел арасындағы тауар айналымы өткен жылы 6 пайызға, 2023 жылдың алғашқы үш айында 10 пайызға артқан.
Смайылов екі ел арасындағы бірлескен жобалардың саны жыл сайын артып келе жатқанын айтты.
Мишустин сондай-ақ Қазақстанмен ынтымақтастықты Мәскеу үшін маңызды деп атап: " Бұл елмен қарым-қатынас Ресей үшін абсолютті басымдық деп айта аламын",- деді.