Түркістан: Ұлттық құрылтай
(last modified Sat, 17 Jun 2023 16:04:20 GMT )
Маусым 17, 2023 22:04 Asia/Almaty

17 маусым күні Түркістанда Ұлттық құрылтай отырысы өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде сегіз басты мәселеге тоқталды:

  1. Мемлекеттік нышандарды жетілдіру қажет.
  2. Ұлтымыздың тарихи сана-сезімін жаңғырту өте маңызды.
  3. Біз мәдени мұрамызды жан-жақты дәріптеуіміз қажет.
  4. Өскелең ұрпақтың тәрбиесі – өте маңызды мәселе.
  5. Ақпарат саясатының тиімділігін арттыру, креативті индустрияны дамыту.
  6. Мемлекеттік саясатта талдау, сараптама жасау қызметі сапалы жүргізілуге тиіс.
  7. Еліміз үшін стратегиялық маңызы бар тағы бір мәселе –шекаралас аймақтарды дамыту.
  8. Мен қоғамда мемлекеттік аппараттың жұмысына қатысты біраз сын-пікірлер бар екенін білемін.