Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесі Ресейдегі өзгерістер туралы төтенше отырыс өткізеді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i70634
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңсесі Ресейдегі соңғы өзгерістерді талқылау үшін Қауіпсіздік кеңесінің төтенше отырысы өтетінін хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 25, 2023 16:45 Asia/Almaty
  • Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесі Ресейдегі өзгерістер туралы төтенше отырыс өткізеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңсесі Ресейдегі соңғы өзгерістерді талқылау үшін Қауіпсіздік кеңесінің төтенше отырысы өтетінін хабарлады.

ILNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Тоқаевтың кеңсесі Твиттердегі жеке парақшасында: "Мемлекет басшысы елдің Премьер-министрі мен қауіпсіздік күштерінің басшыларынан Ресейдегі жағдайға байланысты дайындық шаралары туралы есеп тыңдайды. Осы жағдайдың Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігі мен экономикасына әсер етуі ықтимал теріс салдарларды залалсыздандыру отырыстың басты өзегі болады",-деп жазды.

Ресей Президенті Владимир Путин Тоқаевқа телефон соғып, елдегі өзгерістер жайлы ақпарат бергеннен кейін осы төтенше отырыс өтті.

Тоқаев: "Бұл оқиғалар – Ресейдің ішкі мәселесі. Елде заң мен тәртіп қайта қалпына келтірілуін қалаймын",-деді.