Қазақстанда Орталық Азия мен Ресей қауіпсіздік кеңесі өтті
(last modified 2023-06-28T05:51:56+00:00 )
Маусым 28, 2023 11:51 Asia/Almaty
  • Қазақстанда Орталық Азия мен Ресей қауіпсіздік кеңесі өтті

Қазақстанның Алматы қаласында Орталық Азия елдері мен Ресей қауіпсіздік кеңесі хатшыларының бірінші отырысы өтті.

Fars ақпарат агенттігінің сейсенбі күнгі хабарына қарағанда, Қырғызстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Иманқұлов Алматыда Орталық Азия елдері мен Ресей қауіпсіздік кеңесі хатшыларының отырысында: «Қауіпсіздік проблемалары мен қауіптер аймақ елдеріндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты бұзады»,- деді. Қырғызстанның Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылыққа жету жолы ретінде халықаралық дипломатияда гуманитарлық әдістер мен шараларды қолдануды ұсынды. Иманқұлов жастар арасында экстремизмнің алдын алуға белсенді атсалысу қажеттігін атап өтті. Қырғызстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы сонымен қатар аймақ елдерінің киберқауіпсіздік, биологиялық қауіпсіздік және биологиялық қарудың өндірісі мен таралуының алдын алу саласындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды кеңейтуге шақырды.
 

Тегтер