Иран мен Қазақстан ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласында әріптестікті дамыту керек
(last modified 2023-06-28T18:35:31+00:00 )
Маусым 29, 2023 00:35 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласында әріптестікті дамыту керек

Иран Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Қазақстанның Алматы қаласына сапарында өңірлік басшылармен кездесіп, екі елдің түрлі салалар, соның ішінде ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласында әріптестікті дамыту керегін айтты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әлиреза Пейманпак Қазақстанға сапарында Алматыдағы Иранның бас консулы Мохсен Фағанимен бірге Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездесіп, екі елдің байланысын дамыту жолдары, соның ішінде ирандық компаниялардың осы облыста жұмыс істеуі жайлы сұхбаттасты.

Пейманпак ИИР-дың көршілес елдер, соның ішінде Қазақстанмен көпжақты байланысты дамытуға бағытталған саясатына тоқталып, екі ел басшыларының өзара сауда айналымын 3 млрд долларға жеткізуді көздеп отырғанын айтып, жақын болашақта Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ арасында еркін сауда туралы келісімге қол қойылуы өзара сауда айналымын арттыруға жағдай жасайтынын айтты.

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының түрлі әлеуеттері, облыс орталығы жаңа Қонаев қаласын салуға арналған бағдарламалар, Алматы мен Қонаев арасында G4 жобасы туралы баяндап: "Қазақстан Иранды ет және астықпен қамтамасыз ете алады. Иран Қазақстанға түрлі техника, құрылыс материалдары, текстиль өнімдері, дәрі-дәрмектер, гигиеналық заттар және басқа да қажеттіліктерді қамтамасыз етуге көмектесе алады",-деді.

Тегтер