Қазақстан Президенті Мәскеумен қарым-қатынасты дамыту керегін айтты
Қазақстан Президенті ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік қалыбында Астана үкіметінің Ресеймен көпжақты ынтымақтастықты одан ары нығайту позициясына берік екенін баса айтты.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев тілшілермен кездесуінде Ресеймен ынтымақтастықты дамытуға қатысты позицияны баса айтты.
Тоқаев: "Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара әлемдегі ең ұзын мемлекеттік шекара саналады. Екі ел біртұтас экономикалық кеңістікте орналасқан. Азаматтар мыңдаған байланыспен біріктірілген",-деді.
Тоқаев РФ Президентімен телефон арқылы сұхбатта тәртіп пен конституцияны сақтап, нығайтуға бағытталған шараларды толық қолдайтынымды айттым.
Қазақстан Президенті: "Ресей үкіметінің потенциалы мен ұлттық жетекшінің тұлғасын ескере отырып, бұған күмән тудырмаймыз. Біз тіпті Ресей Президентінің осы жылдың күзінде Қазақстанға сапармен келуі жайлы сөйлестік",-деді.