Назарбаевтың Лукашенкомен сұхбатына Қазақстан Сыртқы істер министрлігі реакциясы берді
(last modified Fri, 30 Jun 2023 12:08:12 GMT )
Маусым 30, 2023 18:08 Asia/Almaty
  •  Назарбаевтың Лукашенкомен сұхбатына Қазақстан Сыртқы істер министрлігі реакциясы берді

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь президенті арасындағы телефон арқылы сөйлесу туралы: «Астана мен Минск арасындағы қарым-қатынастың негізін тек қазіргі елдер басшыларының арасында ғана талқылауға болады»,- деп мәлімдеді.

 

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусьтің қазіргі президенті Александр Лукашенконың телефон арқылы сөйлесуіне қатысты: «Біз хабардармыз. Әрине, Беларусь президенті - президенттің ұзақ жылдардағы одақтасы. Олардың әрқашан айтатын нәрсесі бар",- деп айтты.

Сонымен бірге, ол елдің сыртқы саясатын, оның ішінде шет елдермен қарым-қатынасын айқындау – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құзырында екеніне тоқталып: «Осыны негізге ала отырып, Қазақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынасты тек қазіргі мемлекет басшылары талқылай алады»,- деді.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлескен болатын. Бұл әңгімеде тараптар халықаралық жағдайды, аймақтық жағдайды және Беларусь пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты талқылады.