Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан бірлескен электр станциясын салуға бел байлады
Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан Қамбар Ата су қоймасында бірлескен су электр стансасын салуды жоспарлап отыр.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев: «Қамбар Ата үлкен жобасының мәселесі талқыланды. Бұл жоба жүзеге асса, өңірді таза энергиямен қамтамасыз етуге және ресурстарды ұтымды үнемдеуге, суды ұтымды пайдалануға мүмкіндік арта түспек",- деді.
Қамбар Ата су қоймасында стратегиялық электр стансасын салу Орталық Азияның үш елінің бірлескен күш-жігерімен бір уақытта жоспарланған болатын. Жаңа нысанның қуаты 1900 МВт, бірақ оның құндылығы мұнымен ғана шектелмейді. Елдер арасындағы су электр станциясы су ресурстарында үнемді болу мүмкіндігін береді. Бірнеше жыл алғашқы талқылаудан кейін жоба мәреге жеткен сияқты. Үш елдің энергетика министрлерінің қатысуымен Ташкентте өткен кездесулердің кезекті раунды барлық тараптардың қызығушылық танытқанын көрсетті.
Электр станциясының орны су қоймасының қолайлы орналасуына байланысты – үш елдің шекарасына жақын шекаралық аймақта таңдалды.