Шіл 04, 2023 18:29 Asia/Almaty
  • Қазақстанның Ресейдегі жаңа елшісі тағайындалды

Қазақстан Президентінің жарлығымен  Дәурен Абаев  осы елдің Ресей Федерациясындағы жаңа елшісі болып тағайындалды.

Fars News агенттігінің Астанадағы тілшісінің хабарлауынша, Дәурен Абаев  Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды, ол бұған дейін 2023 жылдың наурыз айынан бастап Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарған.

2020 жылдың 29 қаңтарынан бастап  Ермек Көшербаев Қазақстанның Мәскеудегі елшісі болды, енді ол президент жарлығымен Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

Абаев 1979 жылы 18 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген. 2001 жылы Фараби атындағы Ұлттық университетін халықаралық құқық мамандығы бойынша, 2006 жылы Лейден университетін, 2014 жылы Қазақстанның Еуразия гуманитарлық институтын бітірген.

 

Тегтер