Шіл 05, 2023 17:51 Asia/Almaty
  • Әйелдер отырып ойнайтын волейболдан Үндістанды жеңіп, жартылай финалға шықты

Иранның отырып ойнайтын волейболдан әйелдер ұлттық құрамасы Азия чемпионатындағы үшінші кездесуінде Үндістан командасымен ойнады.

Отырып ойнайтын волейболдан 2023 жылғы Азия чемпионаты Қазақстанда өтуде. Бүгін, сәрсенбі, тирдің 14-і күні Иранның әйелдер құрамасы үшінші кездесуін Үндістан құрамасымен өткізді. Бұл кездесу 3-0 есебімен Берианян шәкірттерінің пайдасына аяқталды.

Иранның әйелдер құрамасы бірінші сетте 25-2, екінші сетте 25-10, үшінші сетте 25-4 есебімен жеңіске жетті.

Иранның отыратын волейболдан әйелдер құрамасы ертең жартылай финалда В тобының екінші командасымен кездеседі.

 

Тегтер