Қазақстанның Транскаспий бағыты бойынша мұнай экспорты артты
(last modified Thu, 06 Jul 2023 03:52:15 GMT )
Шіл 06, 2023 09:52 Asia/Almaty
  • Қазақстанның Транскаспий бағыты бойынша мұнай экспорты артты

Қазақстанның Транскаспий бағыты бойынша мұнай экспорты артты.

Fars ақпарат агенттігінің кеше (сәрсенбі) хабарлауынша, 2023 жылдың екінші тоқсанында қазақстандық «ҚазтрансОйл» компаниясы «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры арқылы экспортқа Ақтау портындағы Теңіз кенішінен 1347000 тонна мұнай тасымалдады.

2023 жылдың бірінші тоқсанында бұл компания Теңіз кен орнынан экспортқа дәл сол бағыт бойынша 2,19 мың тонна мұнай тасымалдаған.

2022 жылы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін арттыруды тапсырды. Транскаспий халықаралық көлік жолы Еуропа елдеріне Қытай, Қазақстан, Каспий теңізі, Әзірбайжан, Грузия, Түркия және Қара теңіз арқылы жетеді.