Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараларды анықтау аяқталды
(last modified Wed, 12 Jul 2023 08:13:33 GMT )
Шіл 12, 2023 14:13 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараларды анықтау аяқталды

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Өзбекстанмен мемлекеттік шекараларды анықтау аяқталғанын хабарлады.

«Fars news» агенттігінің Астанадан хабарлауы бойынша, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров: « Бұл келісімге Өзбекстан мен Қазақстан басшылары 2022 жылғы 2 желтоқсанда Ташкентте қол қойып, екі елдің парламенттері бекіткен болатын»,- деді. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы да осы келісімнің күшіне енуімен Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы 19 жылға созылған шекараларды анықтау процесінің толық аяқталуына тоқтаолып: «Қазіргі уақытта екі ел арасында 1301 белгі бар 2357 шақырым шекара белгіленді»,- деп мәлімдеді.