Қазақстанның Ресейге экспорты артты
(last modified Tue, 18 Jul 2023 12:48:41 GMT )
Шіл 18, 2023 18:48 Asia/Almaty
  • Қазақстанның Ресейге экспорты артты

Қазақстанның Ресейге экспорты артты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Ұлттық статистикалық бюросы кеше (дүйсенбі) бұл елдің 2023 жылдың алғашқы бес айында Ресейге тауар экспортын 45 пайызға арттырғанын хабарлады.

Бұл есеп бойынша, ақшалай түрде Ресейге экспорт 2,79 миллиард доллардан 4,04 миллиард долларға өсті.

Осылайша, Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 5,10 миллиард долларға бағаланып отыр.

Қазақстанның тауар айналымындағы Ресейдің үлесі 18,6%-дан 18,8%-ға өсті.

Қазақстан да Еуразия елдерімен тауар айналымын 10,5%-ға арттырып, 11,4 млрд долларға жетті.

Сондай-ақ, Қазақстанның Еуропалық Одаққа экспорты 35,13 млрд долларға бағаланып, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 77,14 млрд долларға дейін төмендеген. Сонымен бірге бұл елде импорт та өсті.