Астана: АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциялары Қазақстанға қауіп төндірмейді
(last modified Sat, 22 Jul 2023 11:55:33 GMT )
Шіл 22, 2023 17:55 Asia/Almaty
  • Астана: АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциялары Қазақстанға қауіп төндірмейді

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары АҚШ-тың Ресейге қарсы санкцияларының Қазақстанға қауіп төндірмейтінін мәлімдеді.

 

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров Вашингтонның соңғы санкциялар пакетінде Астанаға қауіп төндірмейтінін айтты. Ол: "Біз санкцияларды айналып өту үшін ешқандай қадам жасамайтынымызды, бірақ сонымен бірге Ресеймен дәстүрлі экономикалық қарым-қатынасымызды жалғастырамыз деп әрқашан мәлімдеп келдік. Қазақстанда қос мақсаттағы тауарларды (әскери мақсатта пайдалану мүмкіндігі бар) экспорттауға арнайы рұқсаттар бар",- деді.

Осындай жағдайда Қазақстанның Энергетика министрлігі кеше ресейлік «Интер РАО» компаниясымен электр қуатын жеткізу туралы келісім-шарт жасасқанын хабарлады. «Интер РАО» Ресей Федерациясындағы электр энергиясын импорттау және экспорттау жөніндегі жалғыз оператор болып табылады